Елорда прокуратурасы тазалық сақтау бағытындағы кешенді жұмыстарды жалғастыруда

Елорда прокуратурасы тазалық сақтау бағытындағы кешенді жұмыстарды жалғастыруда
фото: Астана қаласы прокуратурасы

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру аясында Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен елордада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тазалықты сақтау бағытындағы кешенді жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

     Профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында заманауи цифрлық шешімдер қолданылуда. Жедел басқару орталығы Astana Smart Innovations орталығымен бірлесіп тәулік бойы қалалық ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізеді, келіп түскен ақпаратты талдайды және құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың жедел өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

     Зияткерлік жүйелердің көмегімен абаттандыру қағидаларын бұзу, қоғамдық орындарды ластау және өзге де құқық бұзушылықтар дер кезінде анықталып, олардың жолын кесу және қайталануына жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылданады.

     Бұл жұмыстың басты мақсаты – жазалау санын көбейту емес, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дәріптеу және әрбір тұрғынның тазалық пен тәртіп үшін жеке жауапкершілігін арттыру.

     «Таза Қазақстан» – баршамызға ортақ жауапкершілік. Таза әрі қауіпсіз елорда – әрқайсымыздан басталады.