Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңартылған стандартын бекітті. Негізгі өзгеріс-жалпы практика дәрігерінің жұмыс күнінің жаңа ережесі.

ЖПД жұмыс күні қазір 8 сағатты құрайды: 6 сағат – пациенттерді қабылдау, 2 сағат – құжаттаманы рәсімдеу және жоспарлы сапарлар. Бұл режим қабылдау сапасын арттыруға және дәрігерлерге жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

2027 жылға қарай барлық МСАК ұйымдары жалпы практика қағидаттарына көшеді. Терапевттер мен педиатрлар мобильді және мультидисциплиналық топтардың құрамына кіретін бейінді мамандар ретінде жұмыс істейді.