Ел жетістіктерін бағамдап, болашаққа сеніммен қарайтын ерекше күн

Ел жетістіктерін бағамдап, болашаққа сеніммен қарайтын ерекше күн

6 шілде – Астана күні құтты болсын!

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, елдің рухы мен жасампаз болашағын айқындайтын сәулетті шаһар. Бүгінде елордамыз мәдениет пен өнердің, білім мен ғылымның, татулық пен бірліктің ордасына айналып отыр.

Елорда күні – барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Бұл күн – ел жетістіктерін бағамдап, болашаққа сеніммен қарайтын ерекше сәт.

Осы айтулы мерекеде баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз. Еліміздің еңсесі биік, бірлігі бекем, мерейі үстем болсын!

Көркейе бер, Астана!

Жасай бер, Қазақстан!

Ерлан Дакенов,

Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.