Бірқатар нысандарды аралады

Бірқатар нысандарды аралады
фото: Сұлтан Сейіт

Астана қаласы Қоғамдық кеңесі,  Ішкі саясат басқармасы ММ-нің азаматтық секторды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау шаралары және халықпен жүргізілетін ақпараттық жұмыстың тиімділігі туралы есебін қарау және талқылау аясында бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Дәлірек, «Бақытты отбасы» және «Бақытты шаңырақ» орталықтарына бару ұйымдастырылды. Басты мақсат – аталған орталықтардың атқарып жатқан істерін көріп, қоғамға қосып отырған үлестерін байыптап, мән-жайын ұғыну, қолдау. Сонымен қатар, Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ғайыпов Зулфухар аталмыш орталықтар жұмысын аралау барысында «Бақытты шаңырақ» орталығында ой-пікір білдірді.

– Егер қандай да бір көмек қажет болса, айтып өз өтініштерізді беруге болады. Ақылдасып, ғимарат, керекті құрал-жабдықтартар жайын жауапты мекемелермен бірлесе шешуге болады. Сондай-ақ барынша халыққа ыңғайлы жағын ойластырған абзал, – деді ол.

Сонымен қатар «Бақытты отбасы» орталығында, этнодизайнер Ырза Тұрсынзада ұлттық болмыстағы жасалып жатқан істер туралы айтып берді.

– Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, жәдігерлерін сақтау болашақ ұрпаққа аманаттап қалдыру аса маңызды. Біздің орталықта ісмер шеберлер ұлттық бұйымдарды жасап келеді. Негізгі ой – халқымыздың қолөнері шеберлігін дамытып, құнды жәдігерлерді түгендеу, – деп түйді мәдениет жанашыры