Біліктілік пен шеберлік үйлесім тапты

Біліктілік пен шеберлік үйлесім тапты
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы оқушылар макулатура жасап, үйреніп шеберлігін шыңдады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Экскурсия Astana Qagazy базасында ұйымдастырылды. Сонымен қатар шеберлердің қолынан шыққан макулатуралар қалай жасалатыны көрсетілді.

Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жанаргүл Байкенжеева ой бөлісті.

– Бүгінгі экскурсия өте мазмұнды әрі танымды өтті. Оқушылар макулатураның қалай сұрыпталып, қайта өңдеуге дайындалатынын өз көздерімен көріп, қағаз қалдықтарының да қайта пайдаға асатынын түсінді. Біз үшін ең маңыздысы – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықты күнделікті әрекетке айналдыру. Осындай тәжірибелік шаралар оқушыға жүз рет айтқаннан да әсерлі деп ойлаймын. Бүгін балалар соны нақты көріп, жақсы әсермен қайтты, - деді ол.