Астана циркінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында цирк экскурсиясы және балаларға арналған атпен серуендеу ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Осының негізінде балалар Цирк әлемнің ішкі үдерісін көріп, керемет әсерге бөленді. Басты мақсат – балаларды қуантып, қоғамға бейімдеп, елдің болашағы бүгінгі жас ұрпақты қолдап һәм қуаттап, дем беру.

Сондай-ақ біздің елде әр баланың өз орны бар екенін ұғындырып, бақытты келешекке қадам басу көзделді. Сонымен қатар «Бақытты Шаңырақ» қорының өкілі Марина Ахмедшина өз ой-пікірін білдірді.

– Біз Циркке өз тарапымыздан 20 баланы алып келдік. Олар экскурсия жасап, цирк өмірінің тыныс-тіршілігін ұғынып, арнайы өнер көрсетуге бапталған жануарлармен танысып мәз-майрам болды. Қайырымдылық мақсатында мұндай шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Бұл бақытты болашаққа жасалып жатқан игі қадам деп есептейміз, – ол.

