Ұлттық Банк балаларға арнап қаржылық сауаттылық жайында QARJY ALEMI анимациялық мультсериал шығарды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ақшаны ақылмен жұмсауға баланы қалай үйретуге болады? Енді мультфильм форматында. Жас көрермен енді бас кейіпкер Барыс пен оның достарын тамашалап, бюджетті қалай жоспарлау керек екенін үйренеді. Жалпы, ақшаны не үшін үнемдеу керек? Кредит деген не, инфляция деген не? Осы сұрақтарға жауап тауып, қаржы алаяқтарына алданып қалмаудың жолын меңгереді.
Балалар бұл сериал арқылы қаржы әлеміне алғашқы қадамын жасап үйренсе, ересектер жағы олармен бірге ақшаға қатысты шешімдерді талқылай алады.