Астанада өтіп жатқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрофестиваліне Қызылорда облысы, Сырдария ауданының Бесарық ауылынан қымызбен қатар шұбат та әкелінді.
"Біз негізінен шұбат өндірумен айналысамыз. Бие саууды енді қолға алдық. Осы фестивальге 1 тонна шұбат, 200 литр қымыз әкелдік. Әйтсе де, жылқымыз аз емес, бірақ басым көпшілігі, 350 бас бордақыда тұр, яғни етті бағытта. Сүтті бағытты енді дамытып жатырмыз" дейді "Сыр дәмі" қымызының иесі Дамир Әбілда.