«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Байқоңыр ауданының прокуратурасы «Судағы қауіпсіздік – әркімнің жауапкершілігі» атты профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың суда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жазатайым оқиғалардың алдын алу және жауапты мінез-құлықты насихаттау.
Іс-шара барысында прокуратура қызметкерлері судағы қауіпсіздік қағидаларын түсіндіріп, балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігіне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқару құралдарының көрсетілімін өткізіп, алғашқы көмек көрсету тәртібін түсіндірді.

Қалада өткен іс-шараға спортшыларды, жүзуден әуесқойларды және қала тұрғындарын қоса алғанда 200-ге жуық адам қатысты.
Осындай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді.