Байқоңыр ауданында былтыр отырғызылған жеміс ағаштары жемісін берді

Байқоңыр ауданында былтыр отырғызылған жеміс ағаштары жемісін берді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астананың Байқоңыр ауданында өткен жылы отырғызылған 80 түп алма және алмұрт ағашы биыл алғашқы жемісін берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жас көшеттер Ж.Тәшенов көшесіндегі гүлзар аумағына отырғызылған болатын. Бір жыл ішінде ағаштар жақсы бейімделіп, биыл алғашқы жемістерімен аудан тұрғындарын қуантты.

Абаттандыру және көгалдандыру жұмысы ауданның қоғамдық кеңістіктерін көркейту аясында жүргізіліп, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, күзгі көгалдандыру жұмысы аясында аудан аумағындағы көшелер мен қоғамдық кеңістерде тағы 500-ге жуық жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

Ауданда жасыл желектерді күтіп-баптау және аумақтарды одан әрі көгалдандыру жұмысы жүйелі түрде жүріп жатыр.