Асхат Аймағамбетов: «Таза Қазақстан» - мағынасы терең бастама

Асхат Аймағамбетов: «Таза Қазақстан» - мағынасы терең бастама
фото: жеке мұрағатынан

Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов «Таза Қазақстан» - мағынасы терең бастамалардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

-«Таза Қазақстан» - мағынасы терең бастамалардың бірі. Өйткені тазалық көше мен ауланы тазалаумен ғана шектелмейді. Таза ел - таза ойдан, таза ниеттен, туған жер мен табиғатқа деген жауапкершіліктен басталады. Әр адамның өзі тұратын жерге жанашырлықпен қарауын күнделікті әдетке айналдыру маңызды.

Ағаш отырғызу реформаларды іске асыруға ұқсайды. Екеуінің де нәтижесі бірден көрінбейді. Бүгін еккен көшетіңнің саясында ертең өзің емес, басқа адамдар отыруы мүмкін. Сол сияқты, бүгін бастаған өзгерістің нақты нәтижесін келесі ұрпақ көруі мүмкін.

Сондықтан маңыздысы- жемісін қашан және кімнің тұсында бергені емес. Дұрыс көшет отырғызып, оның тамыр жаюына жағдай жасау,- деді ол.