Астананың заманауи әжелері Qazaq Cretive Hub қонағы болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, дәстүр мен заманауи сәнді өзара сабақтастырып жүрген әжелеріміз «Маңғыстау: тамыр. талғам. креатив» көрме-жәрмеңкесіне арнайы келді.
Олар ұлттық киім үлгілерін, әшекейлер мен қазақы нақыштарды бүгінгі заманның эстетикасымен үйлестіріп, дәстүрдің уақыт өткен сайын түрленіп, жаңа сипатқа ие болатынын көрсетіп жүр.
Өткеннің өнегесін бүгіннің талғамымен ұштастырған әжелеріміз ұлттық мұраның өміршеңдігін өз болмысымен танытып келеді.