Астанада 25 шілде күні адам саудасына қарсы күреске арналған RUN FOR LIBERTY жаппай жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін 4 шақырым және 7,6 шақырым қашықтықтарды дайындаған.
Жарысқа барлығы 1700 адам қатысады деп жоспарланып отыр. Оған 16 жасқа толған елорда тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.
Онлайн тіркелу 22 шілде күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталды. Тіркеу қатысушылардың белгіленген саны толғанға дейін жалғасады.
Тіркелген қатысушыларға старттық нөмірлер 25 шілде күні сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін Ырыскелді қажы мешітінің аумағында беріледі.
Жүгіру жарысы дәл осы жерде сағат 08:00-де басталады.