«Қазақы тазы» моно тұқымдық көрмесі өтеді

«Қазақы тазы» моно тұқымдық көрмесі өтеді

19 қыркүйекте Астанада ұлттық мұрамыз — қазақы тазыға арналған моно тұқымдық көрме және тұқымдық байқау өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Көрме халықаралық ит көрмесі аясында ұйымдастырылып, қазақы тазыларды шетелдік сарапшыларға, кинологтарға, селекционерлерге және кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында қазақы тазылар арнайы сараптамалық бағалаудан өтіп, тұқым стандартына сәйкестігі мен тұқымдық сапалары бағаланады. Үздік өкілдер анықталып, тұқымды сақтау мен жауапты асылдандыру жұмысына ерекше назар аударылады.

 Prestige Horse Club, Астана – Қарағанды трассасы, 82/1

Ұйымдастырушы — Қазақстан кинологтары одағы.

 БАҚ аккредитациясы және қатысу мәселелері бойынша:
Болысбай Іңкәр Мақсатқызы
+7 775 284 91 71