Астанада Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance халықаралық көрмесі өтуде

Астанада Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance халықаралық көрмесі өтуде

Мона Лиза Астанамен танысып жүргенде, сізде Леонардо да Винчидің ғажайып әлеміне саяхат жасау мүмкіндігі бар. Астанада Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance халықаралық көрмесі өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мұнда Леонардо да Винчидің түпнұсқа сызбалары негізінде жасалған аңызға айналған өнертабыстар, әлемге әйгілі туындылар, интерактивті экспозициялар мен заманауи мультимедиялық инсталляциялар ұсынылған.

Бұл – өз дәуірінен бірнеше ғасыр алға озған ұлы ойшылдың мұрасын жаңа қырынан тануға берілетін бірегей мүмкіндік.

Көрме Бейбітшілік және келісім сарайында күн сайын 10:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады.