Астанада дрон-футболдан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Астанада дрон-футболдан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
фото: Оқу-ағарту министрлігі

Елордада Astana FIDA Drone Soccer Open Cup 2026 халықаралық турнирі аяқталды. Екі күнге созылған жарысқа Қазақстанның түрлі өңірлерінен 20-ға жуық команда және Түркиядан келген команда қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнир Drone Soccer Class 20 санатында өтті. Қатысушылар дрондарды басқару шеберлігін, жылдамдық пен дәлдікті, командалық үйлесімділік пен тактикалық ойлау қабілетін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
 I орын - «Surprise» командасы, Астана қаласы;
II орын - «SkyWings» командасы, Ақтөбе қаласы;
III орын - «Qara Steed» командасы, Астана қаласы.

Халықаралық турнир жас дрон пилоттарының тәжірибе алмасуына, техникалық дағдыларын жетілдіруіне және дрон-футболды кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді.

Дрон-футбол спорттық бәсекені инженерлік-техникалық біліммен ұштастырып, жастардың заманауи технологияларға қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.