«Астана су арнасы» нысандарына баспасөз туры өтті

«Астана су арнасы» нысандарына баспасөз туры өтті
фото: Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ның екі нысанына баспасөз турын ұйымдастырды. Іс-шараға журналистер, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.


2026 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның орындалу ашықтығын қамтамасыз ету және оның нәтижелерін көрсету мақсатында баспасөз турына қатысушылар қайта жаңғырту, жаңарту және модернизациялау жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандармен танысты. Қатысушылар Қараөткел шағын ауданындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту нысанымен (іс-шара аясында Аягөз, Имантау, Атырау көшелері және Қорғалжын тасжолы бойындағы жалпы ұзындығы 2,3 км болатын 4 учаске қамтылған) танысты. Сондай-ақ, 2026 жылы сатып алынған арнайы техника мен жабдықтардың жұмысы көрсетілді.

Іс-шарада баяндама жасаған – «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК бас директорының бірінші орынбасары Шарипов Ержан Ғалымжанович.

2026 жылғы инвестициялық бағдарлама бойынша жалпы инвестиция сомасы 4,9 миллиард теңгені құрайды. Қазіргі уақытта оның 63 % игерілген. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша игерілген қаражат – 3 млрд теңге, оның ішінде: су құбыры және кәріз желілерін салу және реконструкциялау бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына – 2,2 млрд теңге; жабдықтар мен арнайы техниканы сатып алуға – 0,8 млрд теңге.

Жөндеу жұмыстары бекітілген өндірістік кестелерге сәйкес кәсіпорынның өз күштерімен жүргізілуде.

Инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде инженерлік желілердің тозу деңгейін 2026 жылдың қорытындысы бойынша сумен жабдықтау саласындағы тозу деңгейін 39,7%-дан 39,3%-ға дейін, су бұру саласындағы тозу деңгейін 39,2%-дан 38,8%-ға дейін төмендету жоспарлануда.