«Астана Су Арнасы» кәсіпорыны нысандарына баспасөз туры өтеді

«Астана Су Арнасы» кәсіпорыны нысандарына баспасөз туры өтеді
фото: Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектісінің міндеттемелерін, атап айтқанда инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау шеңберінде «Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК объектілері бойынша БАҚ және қоғам өкілдері үшін 2026 жылғы 25 қыркүйекте баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Объектілерге шығу үшін жиналу уақыты мен мекен-жайы: 2026 жылғы 25 қыркүйекте, сағат 09:50-де, Астана қаласы, А. Петров көшесі, 5.

Осыған орай, Департамент аталған іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттарын, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдерін қатысуға шақырады.

«Астана Су Арнасы» ШЖҚ МКК-ның баспасөз турына қатысуға ниет білдірушілерден тізімдерді қалыптастыру және орындарды қамтамасыз ету үшін қатысу туралы ақпаратты (Т.А.Ә., байланыс телефоны) ағымдағы жылғы 24 қыркүйек сағат 15:00-ден кешіктірмей dara3003@mail.ru электрондық мекен-жайына жолдауды сұраймыз.

Қосымша сұрақтар бойынша телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 57-50-25.