Астана - Қазақстанның креативті индустрияларының тоғысатын орталығына айналды

Астана - Қазақстанның креативті индустрияларының тоғысатын орталығына айналды

 Әр демалыс сайын Астана - Қазақстанның креативті индустрияларының тоғысатын орталығына айналады, депхабарлайды astana-akshamy.kz

Creative Aimaq жобасы аясында әр сенбі және жексенбі күндері елорда төрінде еліміздің өңірлерінен келген мәдениет, өнер, қолөнер мен шығармашылық әлеует бір алаңда тоғысады. Бұл – әр өңірдің қайталанбас болмысын танып, жаңа есімдерді ашуға, отандық шеберлердің бірегей туындыларын тамашалап, сатып алуға және Қазақстанның креативті индустриясының сан қырлы әлемінен шабыт алуға тамаша мүмкіндік.

ТАМЫЗ АЙЫНЫҢ КЕСТЕСІ:

 1–2 тамыз – Абай облысы
 8–9 тамыз – Алматы облысы
 15–16 тамыз – Жетісу облысы
 29–30 тамыз – Түркістан облысы

Өтетін орны: Qazaq Creative Hub (Жошы хан көшесі, 16/2)
Кіру тегін!

Creative Aimaq – Креативті индустрияларды дамыту қорының Қазақстан өңірлеріндегі шығармашылық жобалар мен креативті әлеуетті қолдауға, дамытуға және кеңінен танытуға бағытталған бастамасы!