Астана прокуратурасы Қарттар үйінде мерекелік концерт өткізді

Астана прокуратурасы Қарттар үйінде мерекелік концерт өткізді

Жеңіс күніне орай Астана қаласының прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Destek қарттар үйіне барып, мерекелік концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында қарттарға әлеуметтік көмек көрсетіліп, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мерекелік кездесу барысында орталық тұрғындары үшін әскери қызметшілердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сонымен қатар қарттар үйіне азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттар табысталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ардагерлер мен қарт адамдарға деген қамқорлық мәдениетін қалыптастыру.