Астана – Измир бағытында рейстер ашу жоспарлануда

Астана – Измир бағытында рейстер ашу жоспарлануда
фото: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі тұрақты негізде әуе қатынасының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бағытында жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Түркияның SunExpress әуе компаниясының өкілдерімен кездесті.

SunExpress әуе компаниясы Измир – Астана жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері Boeing 737 әуе кемелерімен орындалады.

Сонымен қатар, 25 қазаннан бастап әуе компаниясы Алматы – Измир қолданыстағы бағыты бойынша рейстер санын аптасына 2-ден 3 рейске дейін арттырады.

Әуе қатынасының ашылуы және рейстер санының артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.