Елордада WORLD DESIGNERS FASHION WEEK ASTANA 2026 халықаралық сән апталығы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Биыл 23-26 қазанда Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін іс-шараға 40 елден 65 дизайнер, 14 халықаралық сән апталығының өкілі қатысады. Бағдарламада сән көрсетілімдері, іскерлік кездесулер, шеберлік сабақтары мен гала-шоу өтеді. Қазақстандық дизайнерлер өз топтамаларын халықаралық аудиторияға ұсынып, әлемдік сән индустриясының өкілдерімен тәжірибе алмасады.