Биылғы Жолдау – ел дамуының жаңа көкжиегін айқындап, болашаққа деген сенімді нығайтатын маңызды бағдар. Халықтың әл-ауқатын арттыру, бизнесті қолдау, құрылыс саласын дамыту секілді бастамалармен қатар, цифрландыру мен креативті индустрияға басымдық беру – уақыт талабына сай батыл қадам.
Өйткені бүгінгі әлемде елдің қуаты тек табиғи байлықпен емес, адами капиталмен, озық технологиямен, тың идеялармен және шығармашылық әлеуетпен өлшенеді. Цифрлық шешімдер – дамудың тетігі болса, креативті индустрия – экономиканың жаңа тынысы, жастардың мүмкіндігі мен ұлттың зияткерлік әлеуетін танытатын күш.
Ең бастысы – Жолдауда айтылған әр бастама нақты нәтижеге айналып, халықтың тұрмысынан, елдің өркендеуінен көрініс табуы тиіс. Мақсатымыз – технологиясы дамыған, шығармашылығы өркендеген, экономикасы қуатты, болашағына сеніммен қарайтын Қазақстан құру.
Әлия Әубәкірова,
“Диалог-Астана” ҚБ төрайымы,
Астана қаласының Қоғамдық кеңес мүшесі