Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Бүгін 12:44-де ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Зілзала ошағы - Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 км қашықта, Қытай аумағы.

- Магнитудасы - 6.7 MPV;
- ⁠тереңдігі - 5 шақырым. Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді.

Қалада дабыл іске қосылды. Сауда орталықтары мен мектептер, колледждер, ЖОО мен қоғамдық орындарда эвакуация қалыпты жағдайда өтті.