Алматы ауданы әкімдігі тұрғындарды ауданның көлік және жол инфрақұрылымы мәселелеріне арналған «Көлік сағаты» ашық қоғамдық тыңдауына қатысуға шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Тыңдау биыл 12 тамызда сағат 17:00-де Тәуелсіздік даңғылы, 7 мекенжайда орналасқан Алматы ауданы әкімдігі ғимаратының 2-қабатында өтеді. Кездесу аясында келесі өзекті мәселелер қарастырылады:
қоғамдық көліктің жұмысы;
жолдардың жағдайы;
көшелердегі кептелістер мен көлік жүктемесі;
автотұрақ кеңістіктері;
жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі;
жолдар мен аялдамаларды жарықтандыру;
автобус маршруттары;
бағдаршам нысандарының, жол белгілері мен жол таңбаларының жұмысы;
тұрғындардың өтініштері, шағымдары мен ұсыныстары.
Тыңдауға келесі мекемелердің өкілдері қатысады:
Алматы ауданы әкімінің аппараты;
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы;
«City Transportation Systems» ЖШС;
№1 автобус паркі;
Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы;
Әкімшілік полиция басқармасы;
«СМЭУ Астана» ЖШС.
«Көлік сағаты» – бұл тұрғындар мен жауапты мекемелер арасындағы көлік, жол қауіпсіздігі және қалалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша ашық диалог алаңы.