Астанада көркем гимнастикадан өтіп жатқан Alem Cup турнирінде ересектер арасындағы көпсайыстың жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Айта кетейік, жасөспірімдер арасында 2 дүркін әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы халықаралық додаға алғаш рет қатысып жатыр.
Жүлдегерлер 8-9 наурыз күндері шығыршық, доп, ұршық және лента сайыстарының жалпы ұпай қорытындысы арқылы анықталды.
- Ақмарал Ерекешева - 112.350 ұпай
2. Айым Мейіржанова - 110.300
3. Виола Селла - 106.650
Спортшылар енді жеке сайыстар бойынша сынға түседі.