Әкімдіктің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді

Әкімдіктің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 2026-2030 жылдарға арналған елорда әкімдігінің мемлекеттік білім беру гранттарын иеленушілердің тізімі бекітілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін бере отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын тағайындау қағидаларының 25 және 29-тармақтарына сәйкес қабылданды.

Шешім жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне 2026-2030 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2026 жылғы 20 тамыздағы №7 хаттамасы негізінде, еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып қабылданды.