Белгілі ақын, айтыскер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы мен «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Дәулеткерей Кәпұлы Құрылтай сайлауында дауыс беріп, таңдауын жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бұл туралы ол өзінің Instagram Stories әлеуметтік парақшасында жариялап, өз учаскесінің жанында тұрған сурет салды. Суретке қарағанда ақын Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылындағы № 650 сайлау учаскесінде дауыс берген.