Астана қаласының Білім басқармасы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай 10 тамызда тағылымды челлендж бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған бастамаға «TANYM» көпфункционалды кешенінің педагогтері қатысып, Абайдың өлеңдері мен әндерін орындау арқылы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттауда. Челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.
Білім беру ұйымдарының педагогтері бұл игі бастаманы қолдап, әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын орындау эстафетасын жалғастырып жатыр.
#АбайКүні #AbaiDay