Астанадағы М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназияда 3 сайлау учаскесі орналасқан. Соның бірі - №307 учаскеде 2553 сайлаушы тіркелген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
"Бүгін демалыс күні болғандықтан, сайлаушылар асықпай келіп жатыр. Халықтың белсенділігі міне, сағат 9-дан асқанда болуда. Біз бұдан да жоғары белсенділікті күтіп отырмыз. Сайлаушыларға сыйлықтарымыз да бар. Мәселен, алғашқы рет дауыс бергендерге тәттілерді үлестірудеміз" дейді аталмыш сайлау учаскесінің төрайымы Ақмөлдір Сағынбайқызы.
Аманғали Қалжанов