19 тамызда саяси партия көшбасшылары тікелей эфирде пікірталас өткізеді

19 тамызда саяси партия көшбасшылары тікелей эфирде пікірталас өткізеді
Фото: 24 KZ арнасы

19 тамызда сағат 20:00-де «24 KZ» арнасында ел тарихындағы маңызды саяси оқиға – «БАСТЫ ДЕБАТ» өтеді, деп  хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл жолғы пікірсайысқа 7 партияның тек өкілдері емес, партия көшбасшыларының өздері қатысады. Әр партия өз бағдарламасын ұсынып, ел болашағына қатысты ұстанымдарын ортаға салады.

Тікелей эфирді 24KZ-тің ресми YouTube, Instagram, Facebook және TikTok парақшаларынан да көруге болады.