Құқық

Негізгі бағыттар талқыланды

Елорданың №1 көпсалалы қалалық ауруханасында конституциялық реформаның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған дөңгелек үстел жиыны өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оған №1 және №2 көпсалалы қалалық аурухана ұжымы қатысып, реформаның мазмұны мен маңызы жөнінде кеңінен ақпарат алды.

Кездесу барысында конституциялық өзгерістердің басты бағыттары, елдің саяси жүйесін жаңғыртудағы рөлі және қоғам өміріне тигізетін ықпалы жан-жақты талқыланды. Астана қалалық мәслихатының депутаты Азамат Айтхожин әлеуметтік салаға, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесіне қатысты өзгерістерге ерекше назар аударды.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, депутат жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button