Ел тынысы

Наурызнама онкүндігі аясында

Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің түкпір-түкпірінде ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған түрлі мәдени-рухани іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. Осы орайда Ұлттық киім күніне орай Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №64 тергеу изоляторының азаматтарды қабылдау бөлімінде мерекелік рухани іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара барысында келген азаматтарға қазақтың ұлттық тағамдары — бауырсақ пен шелпек таратылып, домбыраның сүйемелдеуімен күйлер орындалды. Қатысушылар ұлттық нақыштағы мерекелік атмосфераны сезініп, бір-біріне ізгі тілегін білдірді. Ұйымдастырылған шара ұлттық мәдени мұрамызды насихаттауға, қоғамда өзара сыйластық пен татулықты нығайтуға бағытталды. Мұндай тағылымды кездесулер халықтың рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындай түседі .

«Қазіргі таңда елімізде Наурыз мерекесіне байланысты Наурызнама онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар қарқынды түрде ұйымдастырылуда. Бүгін Ұлттық киім күніне орай тергеу изоляторының азаматтарды қабылдау бөлімінде келушілерге бауырсақ пен шелпек таратылып, домбырада күй орындалды. Мекеме қызметкерлері белсенді ат салысып, барша келген келушілерді келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Мұндай бастамалар ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеп, қоғамдағы бірлікті нығайтуға септігін тигізеді», — дейді Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Адина Серікқызы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button