Ел тынысы

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы қайта жанданды

Отбасы банкі бұл бағдарлама мен оның «Наурыз жұмыскер» бағыты бойынша несие беруді қайта бастады. Осы мақсатта банк KASE арқылы 102,7 млрд теңге тартты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Маусым мен шілде айларында бағдарламаға шектеу қойылған еді. Несиені тек кепіл шартын тіркеп, қарыз шарттарына қол қойғандар ғана ала алды. Бұл кезеңде 275 адам ғана ипотекаға қол жеткізді.

Банк мәліметінше, бағдарламаға сұраныс жоғары, сондықтан қаржыландыру жоспары уақытынан бұрын орындалуда.

2025 жылы бағдарламаға 12 мың адам қатысып жатыр, олардың 4,5 мыңы – тұрғын үй кезегінде тұрғандар, оның жартысы – әлеуметтік осал топтар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button