Елорда тынысы

Наркограффитимен күрес жалғасуда

Байқоңыр ауданының полиция басқармасы «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында қаладағы тұрғын үйлер мен аялдамалардың қабырғасына салынған есірткі жарнамалайтын суреттерді өшірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазіргі қала көшелерінде көзге жиі түсетін құбылыстардың бірі – дәл осы наркограффити. Бұл суреттер немесе таңбалар арқылы есірткіні заңсыз саудалайтын сайттар бар.

Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы подполковник Рахымжан Құлжановтың мәлімдеуінше, әдетте оларда түсініксіз әріптер, сандар мен QR-кодтар болады. Сырт көзге мағынасыз болып көрінгенімен, ол белгілі бір аудиторияға – есірткі іздеген жастарға түсінікті ақпарат. Осы арқылы қылмыстық топтар өз өнімін жасырын таратады екен.

Шарада полиция қызметкерлерімен бірге «Astana jastary» және «Respublika jastaty» еріктілер клубы бүркемелегіш бояулармен қабырғалардағы есірткіні жарнамалайтын бірнеше суреттерді өшірді.

Ерасыл НҰРЛЫБЕКҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button