Ел тынысы

«Музей түні – 2025» дәстүрлі мәдени акциясы өтеді

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі 2025 жылы 17 мамыр күні сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін Халықаралық музейлер күніне орай «МУЗЕЙ ТҮНІ – 2025» дәстүрлі мәдени акциясын өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ауқымды мәдени оқиғаға айналған бұл шара елімізде биыл жиырмасыншы рет ұйымдастырылып отыр. Қазақстан бұл халықаралық акцияға алғаш рет 2006 жылы қосылып, алғашқы мерекелік іс-шара ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің бастамасымен өткен болатын.

«Музей түні – 2025» акциясы – мәдениет пен тарихты тоғыстыра отырып, көрерменге ерекше рухани әсер, жарқын эмоциялар мен ұмытылмас кеш сыйлайтын маңызды мәдени оқиға!
Айтулы кешті тамашалауға және ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз!✨

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button