Білім

Мұғалімдерге арналған семинар

Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы мен Р.Қошқарбаев атындағы №44 орта мектептің ұйым­дастыруымен «Darya, Scaffold» ізденіс, тәжірибе және нәтиже» тақырыбында республикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты – Scaffold құзырет құралдарын оқу-тәрбие үдерісінде қолдану және алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелермен бөлісу, оқу-тәрбие үдерісіне тиімді кіріктіру жолдарын көрсету арқылы құзырет дағдысын, машықтарды қалыптастыратын тәжірибе алаңын құру. Іс-шараға Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Гүлназ Есжанова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру» зертханасының аға ғылыми қызметкері Раушан Бәпішева, Әдістемелік орталық әдіскері, білім сарапшысы, халықаралық тренер Мәдениет Хабатұлы, Қамқоршылық кеңес төрайымы Майра Қоразова, Астана, Павлодар, Өскемен қалаларының, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарынан ұстаздар қатысты. Бірінші бөлімде мектепте жүріп жатқан жобалар, екінші бөлімде «Scaffold» құзырет құралдарын сабақта қолдану үлгісін 12 мұғалім көрсетсе, үшінші бөлімде әр өңірден келген ұстаздар тәжірибе алмасты.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button