Құқық

Мобильді топ жұмысының нәтижелері шықты

Ведомствоаралық мобильді тобы жұмысының нәтижелері шықты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласы «Есіл» ауданында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ведомствоаралық мобильді топ құрылып, оның құрамына прокуратура қызметкерлері, ішкі істер органдарының өкілдері және уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Негізгі мақсат – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы әрекеттерге тартудың жолын кесу.

Арнайы профилактикалық рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен рұқсат етілмеген іс-шаралар өткізілгеніне байланысты бірқатар түнгі ойын-сауық мекемелері өз қызметін уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

Сонымен қатар, жасөспірімдердің алкогольдік масаң күйде болған жағдайлары анықталды.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты анықталған фактілер ерекше алаңдаушылық туғызады.

Рейдтік іс-шаралар барысында мектеп оқушылары болып табылатын кәмелетке толмағандардың есірткі заттарын өткізген фактілері анықталды, бұл жасөспірімдерді қылмыс жасауға тарту әрекеттерінің бар екенін көрсетеді.

Бұдан бөлек, мобильді топ ойын-сауық мекемелерінде құрамында азот тотығы бар «көңілді шарлар» деп аталатын заттардың сатылу фактілерін анықтады.

Аталған заттарды тарату заңнамаға сәйкес тыйым салынғанын еске саламыз, себебі оларды пайдалану, әсіресе жастар арасында, өмір мен денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді.

Анықталған барлық фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тиісті тексерулер жүргізілуде.

Қатысы бар тұлғалардың әрекеттеріне принципті құқықтық баға берілетін болады.

Ойын-сауық мекемелерінің иелеріне заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз.

Мобильді топтың жұмысы жүйелі негізде жалғасатын болады.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру – мемлекеттің басым бағыттарының бірі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button