Қоғам

Мобильді салық бойынша кеңес: Маңызды мерзімді өткізіп алмаңыз

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіруге бағытталған кәсіпкерлер үшін көшпелі іс-шараларды жалғастыруда.

Консультациялар кәсіпкерлерді салық режимін таңдау және қолданылатын салық режимі туралы хабарламаларды дұрыс беру туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Бұл шаралар бизнеске салық қателіктерін болдырмауға және салық міндеттемелерін уақтылы орындауға көмектесуге арналған.
2026 жылдың басынан бастап департамент қызметкерлері елорданың «Mega», «Keruen», «Sauran» СҮ, «Еуразия», «Аспан базар» және басқа да ірі сауда орталықтарында кәсіпкерлермен 100-ден астам кездесу өткізді.

Кездесулер барысында мамандар арнайы салық режимін қолдану шарттарын және хабарламаларды беру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіреді.

Астана қаласы бойынша МКД қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны беру мерзімі 2026 жылғы 28 ақпанда аяқталатынын хабарлайды.

«Хабарламаны уақтылы беру және салық режимін дұрыс таңдау бизнестің табысты жұмыс істеуі үшін маңызды қадам болып табылады», — деп атап өтті Департамент мамандары.

Толығырақ ақпарат — 1414/3 нөміріне немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button