Руханият

Міржақып Дулатұлының шығармашылығы талқыланды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған  халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ✔️astana-akshamy.kz.

Іс-шара Міржақып Дулатұлының саяси-ағартушылық қызметін жан-жақты талдау мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушылар қаламгердің қазақ тілін дамытуға бағытталған еңбектерін және олардың қазіргі лингвистикалық ғылым мен журналистикаға ықпалын талдады.

Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, алаштанушы ғалымдар, БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының магистранттары мен студенттері қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button