Минералдық ресурстар болашағы талқыланады

Орталық Азияның минералдық ресурстарының болашағы Астанада өтетін геологиялық форумда талқыланады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Халықаралық GEOSCIENCE & EXPLORATION CENTRAL ASIA 2026 форумы аясында «Орталық Азияның минералдық ресурстары: стратегия және жаңа көкжиектер» атты панельдік сессия өтеді.
Негізгі спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, «Казахмыс» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұржанов, ERG Exploration компаниясының бас директоры Ержан Ұзақбаев, KAZRC Association атқарушы директоры Бекасыл Әукешев, KIGAM вице-президенті Мён Чжон И, ПОНЭН ұйымының жетекшісі Георгий Фрейман, Қырғызстан Жер қойнауы сарапшылары қоғамының өкілі Аркадий Рогальский және басқа да сарапшылар бар. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысады деп күтілуде.
Сессия барысында өңірдің минералдық-шикізат базасын дамыту, халықаралық стандарттарды енгізу және саланың инвестициялық әлеуеті талқыланады.
Панельдік сессия 2 сәуір күні сағат 09:00–10:30 аралығында Астанада өтеді.
Толық ақпарат пен тіркелу: www.geca-forum.asia



