МИБ төрағасы полиция қызметкеріне алғыс білдірді

Астанада МИБ төрағасы полиция қызметкеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қошқарбаев көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде учаскелік полиция инспекторы Аубакиров Айболатқа тұрғындар атынан алғыс айтылды. Кешеннің Мүлік иелерінің бірлестігінің төрағасы атап өткендей, инспектор көпқабатты үй аумағында тұрақты түрде профилактикалық қызметтік аралау жүргізіп, тұрғындармен кездесіп келеді. Тексеру барысында пәтерлерде тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрып жатқан азаматтар анықталып, оларға заңнама талаптары түсіндіріліп, ескерту жасалды.
Сондай-ақ инспектор үйдің кіреберісінде қойылған балалар арбалары мен велосипедтерді жинау қажеттігін түсіндіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде ескертті. Осындай жүйелі алдын алу жұмыстарының нәтижесінде тұрғындар полицияға деген сенімін арттырып, өздерін анағұрлым қауіпсіз сезінуде. Полиция азаматтардың пікірін жоғары бағалайды және қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жалғаса беретінін хабарлайды.
Аталған іс-шаралар “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізіліп жатыр.