Ел тынысы

Металлургиялық кәсіпорындарда цифрлық шешімдер енгізілуде

Қазақстанда металлургиялық кәсіпорындарда цифрлық шешімдер енгізілуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Металлургиялық кәсіпорындарды цифрландыру – күрделілігі жоғары, кешенді үдеріс. ERG бұл жұмысты іргетасынан бастады. Бүгінде металлургиялық зауыттарда 250 мыңнан астам сигнал цифрлық жүйеге жинақталды. Сол негізде өндірісті басқарудың MES цифрлық жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізілді. Бұл туралы компанияның бас директоры Серік Шахажанов мәлімдеді.

Мәселен, Ақтөбе ферроқорытпа зауытында нақты уақыттағы негізгі параметрлерді көрсете отырып, цифрлық егіз құрылды. 2026 жылы «Зияткерлік цех» пилоттық жобасын іске қосу жоспарлануда.

ERG кәсіпорындарында машиналық көру жүйелері кеңінен қолданылып, елеулі нәтижелер беруде. Мысалы, Дөң кен-байыту комбинатында енгізілген интеллектуалды конвейер жүйесі жабдықтардың қызып кетуіне байланысты тоқтап қалу уақытын 75%-ға қысқартқан. «Восточный» кенішінде бұл технология экскаватор шөмішінің тістерінің сынуын, кен мен көмірдің тым ірі кесектерін автоматты түрде бақылайды.

Ал Ақсу ферроқорытпа зауытында машиналық көру технологиясы тәулігіне 900 вагонға дейін қызмет көрсететін вагондар паркін басқарады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button