Қала мен сала

Мерекеде елордада дрон-шоу көрсетіледі

Астанада Наурыз мейрамын тойлау барысында ауқымды дрон-шоу өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

21 наурыз күні сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін «Қазақ Елі» алаңында Астананың аспаны алып экранға айналады. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ұлттық символдармен жарық шоу көрсетіледі.

Аспанда қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейтін анимациялық композициялар пайда болады.

Айта кетейік, «Наурызнама» онкүндігі аясында Астанада 200-ден астам іс-шара өтіп жатыр, яғни концерттер мен ұлттық ойындардан бастап, жәрмеңкелер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылуда. 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button