Мәслихат

Меншікке берілмеген 45 нысан бар

Жуырда Астана қаласы әкімдігінің ғимаратында «Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілмеген проблемалық аяқталмаған бюджеттік инвестициялық жобалар мен объектілерді іске асыруды талдау»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы мәслихат депутаты Кендебай ­Адамбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының депутаттары, бюджеттік инвес­тициялық жобаларды іске асыратын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, сондай-ақ Тексеру комиссиясының өкілдері қатысты. Тексеру комиссиясының төрағасы И.Л.Ақпомбаев сөз сөйлеп ашып, нысандардың ұзақ құрылысына және белгісіз құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешуге жүйелі және кешенді көзқарастың маңыздылығын атап өтті. Ол бюджеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – БИЖ) іске асырудағы тиімсіздіктің жалғасуы бюджет шығындарына ғана емес, сонымен қатар халықтың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасына қауіп төндіретінін атап өтті.

Тексеру комиссиясының мүшесі М.Н.Әлжанованың баяндамасына сәйкес, 2024 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы 15 мамырдағы №24-41-9.67-1 тапсырмасын орындау үшін жүргізілген проблемалық БИЖ іске асырылуын талдау бойынша сараптамалық-талдамалық іс-шараның (бұдан әрі-СТШ) қорытындысы шығарылды. Талдау бюджеттік бағдарламалардың төрт әкімшісінің жобаларын қамтыды: Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы; Астана қаласының Энергетика басқармасы; Астана қаласының Коммуналдық шаруа­шылық басқармасы; Астана қаласының Құрылыс басқармасы. СТШ нәтижелері бойынша 83 аяқталмаған жоба және коммуналдық меншікке берілмеген 45 нысанның болуы анықталды. Осы жобалар бойынша тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының жалпы сомасы 192,9 млрд теңгені құрады.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button