Қоғам

«Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджі басталды

Экологиялық мәдениетті арттыру және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды дамыту мақсатында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д. Тұрғамбаев республикалық «Менің қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесім» челленджін бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аталмыш экочеллендж табиғатты сақтауда әр адамның үлесінің маңызды екенін еске салуға бағытталған. Ағаш отырғызу, бір реттік пластиктен бас тарту, қоқыс жинау, су айдындарының тазалығын сақтап, балалардың бойына экологиялық мәдениетті сіңдіру сынды күнделікті қарапайым әрекеттердің өзі экологиялық жағдайды жақсарту мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру жолында маңызды рөл атқарады.

Барлық азаматтарды, қоғамдық ұйымдарды, волонтерлерді және эко-активистерді челленджді қолдауға шақырамыз. Қатысу үшін экологияға пайдалы іс-әрекетті жасап жатқан сәтіңізде (мәселен қоқысты сұрыптау, велосипедпен жүру, сенбілікке қатысу, ағаш отырғызу немесе күнделікті өмірде экологиялық саналы әрекеттер жасау) суретке түсіп, онымен әлеуметтік желілерде бөлісу қажет. Ең бастысы – фотосурет сіздің жеке белсенділігіңіз бен табиғатқа деген қамқорлығыңызды көрсетуі керек.

Хэштегтерді ұмытпаңыз:
👉 #табиғаттысақтауғақосқанүлесім
👉#экологияғақосқанүлесім

Челленджді қолдап, табиғатқа жасаған игі істеріңізбен бөлісіп, айналаңызға үлгі болыңыз! Табиғи байлығымызды өскелең ұрпаққа бірге сақтап қалайық.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button