Қоғам

«Мен – донормын» акциясы өтті

Астанада ҚР Ғылыми-өндірістік трансфузиология орталығында “Мен – донормын” қан тапсыру акциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қан тапсыру – өмір сыйлау. Себебі әрбір литр қан – бір емес, бірнеше адамның өмірін аман алып қалуға себеп болуы мүмкін. Игі іс-шараның мақсаты – азаматтарды ерікті түрде қан тапсыруға шақыра отырып, адам өмірін құтқаруға үлес қосу және донорлық мәдениетті насихаттау. «Ауыл» партиясының Астана қалалық филиалы мұрындық болған іс-шараға ұйым мүшелері белсенді қатысты. Жиырмадан астам адам қан тапсыруға ниет білдерді, олардың арасында Жастар қанатының өкілдері де бар.

-Қаламыздағы ауруханаларды қан және қан плазмасымен қамтамасыз ету үшін күніне жүз адам қан тапсырып отыруы тиіс екен. Жаз мезгілі болғандықтан қан тапсырушылардаң қатары төмендеген. Әр донор кем дегенде төрт жүз елу грам қан тапсырды. Қатарында Жомарт Рахымжан сияқты тұрақты донор азаматтар да бар. Трансфузиология орталығы біздің қолдауымызбен алдағы аптада Астанаға жақын орналасқан Нұра, Осакаровка аудандарына барып «Мен -донормын» акциясын жалғастырады. Бұл – жай ғана акция емес. Бұл – адамгершілік пен жанашырлықтың көрінісі. Донор болу арқылы біз беймәлім бір жанның өміріне үміт сыйлаймыз. Қан тапсыру – науқан емес, өмірлік миссия, – деді ұйымның Астана филиялының аппарат басшысы М.Мукушев. Акция алдағы уақытта да жалғасын табады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button