Қоғам

Мемориалдық тақта орнатты

Астанада Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Нәжікен Қапышевтің мемориалдық тақтасы орнатылды.

Іс-шара майдангердің тұрған үйі маңында өтті. Оған Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, ардагерлер кеңесінің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және ардагердің туыстары қатысты.

– Әкеміз – Кеңес Одағының Қызыл Туы орденінің, Отан соғысы I және II дәрежелі ордендерінің, екі рет Қызыл Жұлдыз орденінің, «Ерлігі үшін» медалінің иегері. Бұл марапаттар оның жасаған ерлігін көрсетеді. Біз оған мақтанамыз, – дейді ардагердің қызы Бахыт Қапышева.

Рәсімнің ресми бөлігі аяқталған соң гүл қою салтанаты өтті. Еске салайық, Нәжікен Қапышев – Ақмола облысының Ерейментау ауданында дүниеге келген. Соғыс басталмас бұрын педагогикалық училищені бітіріп, Целиноград ауданы Төңкеріс ауылында мұғалім болып жұмыс істеген. 1942 жылы 114-атқыштар бригадасы құрамында соғысқа аттанып, Смоленск, Витебск, Калининград облыстарын, Литва мен Шығыс Пруссияны азат етуге қатысқан. Нәжікен Қапышев соғысты қатардағы жауынгер болып бастап, капитан дәрежесіне жетіп, атқыштар ротасының командирі болды. Ерлігі үшін ардагер орден-медальдермен марапатталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button