Елорда тынысы

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасымен танысты

Астана қаласында маслихат депутаттары «Жасанды интеллект негізіндегі қалалық инфрақұрылымды басқару» шешімі атты мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасымен танысты, деп хабарлайды http://astana-akshamy.kz

Жобаға мегаполисті цифрландыру саласындағы әзірлемелерін ұсынған Presight AI Ltd. компаниясы (G42, БАӘ еншілес компаниясы) қатысуда.

Жобаның басты мақсаты – қауіпсіз, ақылды әрі тұрақты болашақ қаласын құру.

Депутаттарға биыл қыркүйек айының соңында ашылуы жоспарланған елдегі басты басқару орталығы – ALEM AI-дың мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар, тәулік бойы 24/7 режимінде жұмыс істейтін негізгі жедел және қалалық қызметтер орналасатын елордадағы Жағдайлық орталық іске қосылмақ. Жаңа орталық қаланы цифрлық басқарудың интеллектуалды өзегіне айналады.

Ал жаңа инфрақұрылым:

  • қаланы қамту ауқымын 167%-ға арттырады;
  • ББО-дағы (ЦОУ) камералар санын 41%-ға көбейтеді;
  • деректерді нақты уақыт режимінде кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.

Жобаны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру қалалық инфрақұрылымды басқаруда жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл-Астананың қауіпсіздікке, жайлылыққа және тұрақты дамуға негізделген смарт-мегаполис үлгісіне айналуына жасалған қадам.

Депутаттар мұндай шешімдерді енгізу Мемлекет басшысының цифрландыру жөніндегі міндеттеріне сай келіп қана қоймай, қала тұрғындарының өмір сапасын тікелей жақсартатынын атап өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button