Қоғам

Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлеріне арналған семинар өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің  ұйымдастыруымен мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлеріне арналған «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» және «Е-Архив» автоматтандырылған жүйесінде жұмыс істеу бойынша өңірлік семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Семинарға еліміздің барлық өңірінен 130-ға жуық архив қызметкері қатысып, екі күн бойы архив құжаттарын сканерлеу, цифрландыру және ақпараттық жүйеде жұмыс істеу бойынша білім алды.

Бірінші күні қатысушылар архив құжаттарын цифрландырудың заманауи әдістері мен технологиялық үдерістерін, ғылыми-техникалық, аудиовизуалды және тағы да басқа құжаттарды цифрландыру ерекшеліктерін қарастырса, екінші күні  «Е-Архив» ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен танысып, жүйеде жұмыс істеу бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында архив саласының тәжірибелі мамандары баяндама жасап, архив саласында цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және бірыңғай электрондық архивтік кеңістік қалыптастыру мәселелерін талқылады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button